Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шынайы әрі ұзақ мерзімді бейбітшілік": Зеленский Ресеймен жаңа келіссөздер өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Фото: obozrevatel.com

Украина президенті Владимир Зеленский сенбі күні кешкі бейнеүндеуінде Киев Ресеймен жаңа келіссөздер кезеңін бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Обозреватель" порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Зеленскийдің айтуынша, Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров Мәскеуге келесі аптада кездесу өткізуді ұсынған.

"Келіссөз үдерісі жылдамдатылуы керек. Атысты тоқтатуға қол жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет. Ресей тарапы шешімдерден қашуды доғару керек.

Тұтқындарды айырбастау. Балаларды қайтару. Адам өлтіруді тоқтату. Шынайы әрі ұзақ мерзімді бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін көшбасшылар деңгейінде кездесу қажет. Украина мұндай кездесуге дайын", –  деді Украина президенті.



Кездесуді нақты қай жерде және қашан өткізу ұсынылғаны көрсетілмеген. Бұған дейін Украина мен Ресей делегациялары арасындағы бейбіт келісімге қатысты кездесулер 2 маусым мен 16 мамырда Ыстамбұлда өткен болатын.

Гүлсезім Мұхатай
Жексенбі, 20 Шілде, 2025 12:37
Талқылау