Шымкенттің бас санитар дәрігері қаладағы карантиндік режімді созды
Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев қала аумағында карантин мен қатаң шектеу шараларын ұзартуға қаулы етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қаулыға сәйкес карантин және қатаң шектеу шаралары 20 шілде сағат 00.00-ден 3 тамыз сағат 00.00-ге дейін енгізіледі.
Қала аудандары әкімдіктеріне, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, денсаулық сақтау басқармасына, денсаулық сақтау субъектілеріне:
Шымкент аумағында, шағын аудандарда, тұрғын үй алаптарында, көп қабатты үйлер мен ұйымдардың аумақтарында аумақты жоспарлы-жүйелі тазалауды, қоқыстарды күнделікті шығаруды, қоқысқа арналған контейнерлерді тазалауды, жууды, дезинфекциялауды және қоқыс контейнерлеріне арналған алаңдарды тазалықта ұстауды қамтамасыз ету; провизорлық стационарлар аумағында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын өңдеу жүргізуді қамтамасыз ету.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
