Шымкенттің Әл-Фараби ауданы аумағында ауқымды сенбілік өтті
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері Байтұрсынов-Жандосов көшелерінің қиылысында тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сенбілікте ирригациялық арықтарды тазалау, аяқжолдар мен көшелерді сыпыру, қоқыс шығару және талдарды әктеу жұмыстары атқарылды.
Сондай-ақ, электр жүйесіне кедергі келтіріп тұрған ағаш бұталары кесілді. Аталған тазалық іс-шарасына 25 арнайы техника, 100-ге жуық адам жұмылдырылды.
Сенбілік жұмыстары Әл-Фараби ауданына қарасты ауруханаларда, жоғары оқу орындарында, кәсіпкерлік нысандарда және аулаларда қатар жүргізілді.
Тазалық іс-шарасы абай ауданында жалғасын тапты. Шымкент қаласы Абай ауданында "Шымқала - таза қала" акциясы аясында 8 шағынауданындағы көп қабатты тұрғын үй аулаларында және негізгі орталық көшелерде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған сенбілікке Абай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер, көпқабатты тұрғын үй тұрғындары мен кәсіпкерлік нысан иелері және еріктілер қатысты.
Жалпы қалалық сенбілікке 2500-ге жуық адам, 15 техника жұмылдырылған.
Тазалық акциясы алда өз жалғасын табатын болады.