AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттіктер халық санағынан онлайн түрде өте алады

Биылғы жылдың 1-ші қыркүйегінде елімізде жалпыұлттық халық санағы басталды. Халық санағы алғаш рет цифрлы технологияларды пайдалану арқылы өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта арнайы https://sanaq.gov.kz/ сайтына кіріп, сауалнамаға жауап беру арқылы санақтан онлайн режимде өтуге мүмкіндік бар. Сайт тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істейді. Респондент санаққа қатысуы үшін өзіне барынша ыңғайлы уақытты таңдауына болады, сондай-ақ сайтта бланк толтыруды тоқтатып, кейіннен жалғастыру мүмкіндігі де қарастырылды.

Онлайн санаққа қатыса алмағандар қазан айының 1-30 аралығында  интервьюерлердің сұрақтарына жауап бере алады. Бұл кезеңнің жаңалығы – интервьюерлер үй аралау кезінде электронды планшет қолданады.

Әл-Фараби  ауданы  қаламыздың орталығы болғандықтан Ұлттық халық санағын жүргізу науқанында үлкен жауапкершілік артылып отыр. Бүгінде  аудандағы нысандарды толық қамту үшін 29 учаскеге бөлініп, 265 нұсқаушы-бақылаушы және 186 интервьюер жұмыс атқаруда. Дайындық кезеңінде жиналған мәліметке сәйкес, Әл-Фараби ауданында халық саны 219 652 адамды құрады.

Барша азаматтарды санаққа белсене қатысуға шақырамыз. Қазақстанда әркім маңызды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр