Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік спортшылар халықаралық бәсекеде үздік нәтиже көрсетті

Шымкенттік спортшылар халықаралық бәсекеде үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы 7-11 қазан аралығында Польша елінің Ламияки қаласында арбамен билеуден халықаралық лицензиялық турнир өтті.

Оған Шымкент қаласының №19 мүгедектерге арналған спорт клубы паралимпиадалық бөлімінің спортшылары қатысып, жүлделі орынға ие болды. 

Атап айтқанда, Айдана Муканова & Ермек Калымбетов "duo standard class 2", "duo Latina class 2"және "duo freestyle class2" жаттығуында үш күміс жүлдеге ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша, Ермек Калымбетов "single men class 2 standard" жаттығуында 4-орын алса, "single freestyle class 2" жаттығуында күміс жүлдегер атанды. Айдана Муканова "single women class 2" жаттығуында 4-орынға ие болды.

Жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 12 Қазан, 2021 20:04
Талқылау