"Мені мәжбүрледі": Шымкентте педофилдің құрбанына айналған қыздың анасы жариялаған видео жайлы

Шымкенттік педофилдің әрекетінен кейін аналардың бірі полиция дәрменсіздігіне шағымданып видео түсірген. Артынша келіншек бұл әрекетті жасауға өзін белгісіз үш адамның мәжбүр еткенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде зардап шеккен қыздардың бірінің анасы шымкенттік педофилдің қалай әрекет еткені туралы видео жарияланды.

Белгілі болғандай, ол ойын алаңдарындағы қыздарды бақылап, оларға шырындар мен түрлі тәттілерді сатып алып берген, содан кейін сенімге кіріп, оларды тізесіне отырғызып, гараждарға апарып, ұятсыз әрекеттер жасаған.

Видеода жәбірленушілердің бірінің анасы Ұлжалғас Өмірбекова полицияға педофилге қарсы арыз бергенін мойындайды, алайда оның шағымын полиция қызметкерлері негізсіз деп тапқан.

"Сіздің қызыңыз зорланған жоқ, неге айналаңыздағыларды алдайсыз деп айтты маған полициядағылар", - дейді келіншек.

Артынша әйел полицияның көмегі болмағандықтан Дәуір есімді азаматтың көмегіне жүгінгенін айтқан.

"Сондықтан адамдар Дәуір Тәукеев сияқты адамдардың көмегіне жүгінеді. Мұның бәрі құқық қорғау органдарына деген сенімсіздік", - деп қосты ол.

Видео жарық көрегеннен кейін көп ұзамай келіншек ол жазбаны жариялауға үш ер адамның мәжбүр еткенін айтты. Үш белгісіз ер адам алдап, алдыңғы бейнені түсірген.  Олар одан полицияның әрекетсіздігіне байланысты Дәуірден көмек сұрауын талап еткен көрінеді.

Сондай-ақ, әйел видео ғаламторда жарияланатынын білмегенін алға тартады.

Әйел Шымкент полиция бөліміне оны түсіріп, интернетте таратқан ер адамдарды жауапқа тарту туралы өтінішпен жүгінді.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармақтары бойынша жалған ақпарат тарату мәселесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, полиция видеода әйелдің айтқан сөздері туралы педофилге қатысты іс қозғалғанын жеткізді.

Шымкент Полиция департаменті бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігі «Кәмелетке толмағандарға зорлық» бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр