Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік өрт сөндірушілер өз-өзіне қол салмақ болған ер адамды құтқарып қалды

Шымкентте өрт сөндірушілер өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Бейнеден алынды

"28 қыркүйек күні сағат 22:30 шамасында №2 өрт сөндіру бөліміне қыз келді. Ол әкесінің қараусыз қалған ғимараттың 5-қабатынан секірмек болғанын хабарлады. Тәртіп сақшысы өрт сөндірушімен бірге оқиға орнына барып, 5-ші қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды дер кезінде құтқарып қалды. Ер адаммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - делінген Шымкент ТЖД хабарламасында.

 

Талқылау