Шымкенттік қыз екі сыныптасының айуандық әрекетінен кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Соңғы уақытта жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық жасау белең алып барады. Мәселен, кәмелетке толмаған шымкенттік қыз 17 жастағы екі сыныптасының айуандық әрекетінен кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

Шымкенттік қыз екі сыныптасының айуандық әрекетінен кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Мұнымен қоймай арсыздар бұл әрекетін ұялы телефонға түсіріп, видеоны әлеуметтік желіге жүктейміз деп жәбірленушіден ақша бопсалап келген. Әрқайсысына сот 5 жылдан үкім кесті. Бірақ осыған ұқсас әлі күнге дейін шешім шықпаған зорлау фактісі жетерлік. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

"Олар ойласқан да біреуміз бірінші қылып алайық кейін сен істейсің деп. Сөйтіп байлап қойды. Біреуі аяқ-қолымды ұстап тұрып істеді", - дейді 8-сынып оқушысы.

Өзінің қатарластарынан теперіш көрген баланың жасы 13-те. Түркістан облысы, Сарығаш ауданы, Жылға аулындағы мектеп-интернатта  оқып жүргенде бір жыл бойы оны қатарластары зорлап келіпті. Соңында жасөспірім қорлыққа шыдай алмай, бәрін туыстарына айтып берген.      

Өмір бойына психологиялық соққы алған жасөспірімнің анасы бұған өз ісіне салғырт қараған мектеп әкімшілігін кінәлап отыр. Себебі, о баста білім ордасындағылар істі жылы жауып қоймақ болды дейді. Тіпті, күдіктілердің туыстары да кешірім сұрап ақша тықпалаған көрінеді. Келіншек барлық ұсыныстан бас тартып, әділдік іздеп Алматыдағы сотқа арызданған. Бірақ айуандық әрекетке барғандардың 17 жастағысын кәмелетке толмаған деп босатып жіберген. Ал, екіншісінің үстінен қылмыстық іс те қозғалмаған. Өйткені, ол бар болғаны 14-те екен.  

"№62 мектеп, Сейфуллин мектебінде зорлыұ орын алды. Менің баламды ауылымның екі баласы зорлаған. Қазір балам психический жайында емес, төмпешектеп жатып алады. Қатты ауыр сөз айтсаң қорқып қашып кетеді. Адамдардан қашады. Өз алдына жалғыз өзі жүреді. Жүйкесі ауырады", - деді баланың анасы Алтынкүл Арапова. 

Арсыздардың айуандық әрекеттер тізімі мұнымен бітпейді. Күні кеше Байқоңыр қаласында да өз бауыр еті баласын зорламақ болған қаскөй ұсталды. Ащы суға сылқия тойып алған әкесі 5 жастағы қызына аялдамада арам ісін жүзеге асырмақ болған. Абырой болғанда, сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар бүлдіршінді аман алып қалды. 33 жастағы ер адам қазір уақытша ұстау изоляторында, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Дәл осындай жаға ұстатарлық жағдай Ақтөбеде де тіркеліп еді. 36 жастағы ер адам 13 жастағы қызын бір жыл бойы жыныстық қатынасқа итермелеп келген. Мектеп оқушысы бұл қорлықтан әбден шаршағанын айтып, анасына шағымданған болатын. Сұмдық жайтты естіген келіншек 14 жыл отасқан күйеуінен ажырасып сотқа бергені де көпшіліктің есінде. 

"Менің отбасым үшін бұл үлкен трагедия. Қызым жаныма келіп, жайлап ғана бұл сорақылықтан шаршап кеткенін, түңілгенін, шыдамайтынын айтты. Бәрі түнде, біз ұйықтап жатқанда болған. Айтып қойсаң, өлтіремін деп қорқытқан. Бір жыл бұрын басталған зорлық қылып. Мен сенбедім, есеңгіреп қалдым. Қазір қызымның болашағы ғана алаңдатады. Мен оның заң жүзінде жазасын алғанын талап етемін!", - дейді қала тұрғыны.

Тағдырына бала кезінде балта шабылғандардың жағдайына бей-жай қарамаған қоғам белсенділері де, аталған жайтқа байланысты өз ұстанымдарын көрсете білді. Мәселен, жуырда мәжіліс депутаты Дәния Еспаева зорлық жасаған арсыздарды өмір бойына түрмеге қамап, химиялық кастрация жасату керек деген ұсыныс айтқан болатын. Бірақ, қанша заң қатаңдаған күннің өзінде қорғансыз жандарға көз алартқандардың қатары әзірге азаймай тұр. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да жеңіліс: Күрестен әлем чемпионатында отандасымыз күміс жүлде алды

Күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар үшін алтын жүлде бұйырмай тұр

10 адам жараланды: Арыста тағы да жарылыс болды

Полигонда арнайы жұмыстар кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кеткен

Тоқаевтың Нью-Йоркке неге баратыны белгілі болды

Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркке 196 елдің өкілдері келеді

57 адам ұсталған: Министрлік заңсыз митингке шыққандар туралы мәлімдеме жасады

Жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген

Иттер талап тастаған: Қазақстандық әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кеткен

Сәбидің денесін мазарда иттер сүйрелеп, талап тастаған

Үш жыл бойы алып келген: Оралдық көпбалалы әйелге мемлекеттен алған ақшасын қайтару міндеттелді

Үш жыл ішінде алған зейнетақыны мемлекетке қалай қайтаратынын білмей отыр

"Ессіз ғашықпын": Yuframe блогері тойға қызу дайындық үстінде

Айымның таңдауы Талғат Итбаев есімді бизнесмен жігітке түскен

Жоғалып кеткен астаналық барменнің өлі денесі табылды

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр