Шымкенттегі университеттің аудиториясы аялдамада орналасқан
Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінің аудиториясы аялдамада орналасқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Шымкенттегі университеттердің бірінің ерекше аудиториясы түсірілген бейнежазба жарияланды. Бейнежазбадан аудиторияның жолаушылар көп жиналатын аялдамада орналасқанын көруге болады. Студенттер ол жерде оқу мүмкін емес деп шағымданды.
"Бұл аялдама маңындағы аудитория, онда Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері оқиды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері оқу орнында жағдайдың жоқтығына шағымдануда. Студенттердің айтуынша, аудиторияда аялдамада орналасқан және дәрі-дәрмек иісі шығады, суық және шулы. Студенттер кураторға бірнеше рет хабарласқанымен, нәтиже болмаған", – делінген бейнежазбада.
Талқылау