AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте туғанына 2 күн болған нәрестені анасы көшеде тастап кеткен

Шымкентте әйел жаңа туған сәбиін көшеде қалдырып кеткен. Әйел нәрестені жаялыққа орап, ойын алаңында тастап кете барған, деп хабарлайды Otyrar.kz басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

10 наурыз күні Шымкенттің жедел жәрдем колл-орталығына қыз балалар сәбиді алып келген. Олар Рысқұлов-Байтұрсынов көшелерінің қиылысынан жылап жатқан баланы тапқанын айтады.

Белгілі болғандай, бала екі күн бұрын дүниеге келген екен. Жаңа туған сәбидің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланды. Көшеде тастап кеткен баланың далада қанша уақыт жатқаны белгісіз.

Дәрігерлер "Нұрсәт" шағын ауданындағы перзентханаға суық тиген баланы жатқызған, содан кейін сәби "Асардағы" бейінді ауруханаға ауыстырылды.

Басылым мәліметінше, дәрігерлердің көмегінің арқасында бүлдіршін аман қалды.

Қазіргі уақытта бала жансақтау бөліміне жатқызылды және медициналық бақылауда. Нәрестенің салмағы шамамен 3 келі, бойы 50 сантиметр, азиялық келбетті.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұлын тастап кеткен әйел басқа қаладан емес, жақын жерде тұрады деген болжам жасап отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр