Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс. Шенеунік энергетикалық сусынның екі бөтелкесін алған

Шымкент қаласы Абай ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жемқорлық

Істі Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті тергейді.

"2020 жылғы 24 шілдеде күдікті Шымкент қаласының бір дүкенінің иесінен карантин ережелерін бұзғаны үшін оны әкімшілік жауапқа тартпау мақсатында 30 мың теңге сомасында ақшалай қаражатты және жалпы сомасы 700 теңге болатын "Gorilla" энергетикалық сусынын алды деп күдіктелуде", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер бойынша 1 департаментінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының ішкі мемлекеттік аудит департаментінің №2 сәйкестендіру бөлімі басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Ол 2020 жылғы 27 шілдеде "А" атты азаматтан оны мемлекеттік ревизор-аудитор лауазымына тағайындағаны үшін 15 мың АҚШ доллары сомасындағы ақшалай қаражатты иемдену күдігіне ілінді", - дейді спикер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр