Шымкенттегі Республика даңғылындағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді
Шымкент қаласындағы маңызды нысандардың бірі – Республика даңғылы. Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары 2020-2021жж аралығына жоспарланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Республика даңғылы - көлік ағынының қарқындылығына байланысты және қаланы өзге елді-мекендермен біріктіретіндіктен қаламыздың басты магистралды көшелерінің бірі болып табылады.
Шымкент қаласының оңтүстік қақпасына саналатын бұл даңғылдың құрылыс жұмыстары "Корпорация Береке-А" ЖШС-гіне жүктелген және техникалық қадағалаушы "Арман Строй Холдинг" ЖШС-гі.
Республика даңғылының жалпы ұзындығы төрт жолақты 5,3 шақырымды құрайды, ал жолдың ені 28 метрді құрайды. Көшенің бөлу жолағының бір шетіне су қашырғыш құбырлар, ал екінші жағына лоток орнатылған және ені 2,25м жаяу жүргінші жолу салынған. Құбыр үстінен Б.Момышұлы көшесінен жер асты өткеліне ("Колос" аялдамасына) дейін веложол қарастырылған, асфальт құбыр арқылы лотокқа баратындай етіп төселген.
Бұл жүйе бұған дейін А.Байтұрсынов көшесінде тексеріліп алынған. Жолдың төмеңгі түзету қалыңдығы 9см, ал асфалт бетонның беткі қабаты 5 см құрайды.
Бүгінде құрылыс жұмыстарының 90 пайызы біткен.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
