Шымкенттегі көне Қошқар ата мешіті бұзыла ма – Әкімдік жауап берді
Шымкент әкімдігі қаладағы ең көне мешіт бұзылды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Otyrar.kz
Желіде мешіттің кеңейтілген құрылысы бұзылып жатқаны түсірілген видео тараған еді. Кейіннен шымкенттіктер мешіттің бұзылуына қатысты наразылығын білдірді. Қала тұрғындары мешіттің XIX ғасырдың ортасында салынғанын және оның ерекше құнды екенін айтты. Онда Ферғанадан келген ең таңдаулы шеберлер жұмыс істеген.
Сәулет және қала құрылысы бөлімі қызметкерлері видеоға қатысты пікір білдіріп, мешіттің сүрілмейтінін айтты.
"Бұл мәселеге қатысты мешіттің сүрілмейтінін хабарлаймыз. Мешіт басшылығының берген өтініші бойынша мешіт аумағындағы шатыры бар құрылыс бұзылып жатыр", – делінген хабарламада.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”