Шымкенттегі елестер үйінің қабырғасына Қонаевтың суретін салды
Шымкенттегі елестер үйінде Дінмұхамед Қонаевтың суреті бейнеленген граффити пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оtyrar.kz порталының жазуынша, үйдің қабырғасында мемлекет қайраткерінің: "Адамға жазаның ең үлкені - жұмыссыз қалдыру", - деген сөзі жазылған.
Айта кетейік, үй Дулати мен Мәделі қожа көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұған дейін екі рет жанып кеткен.
Ол елестер үйі ретінде танымал. Тозығы жеткен үй бірнеше жылдан бері бос тұрғанына байланысты осылай аталып кеткен. Терезелерінде әйнектер жоқ.
Көршілердің айтуынша, өзгеге білгісіз себептерге байланысты үй иелері мұнда ешкімді қоныстандырмаған, өздері де тұрмаған, уақыт өте келе бұл көптеген қауесет пайда болған. Кейбіреулері үйдің қараусыз қалғаны елестермен байланысты деп сендіреді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”