Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі аудандық полиция басшысына әріптесін зорлады деген айып тағылды

Видеодан скриншот

Желіде шымкенттік полицейдің әріптесін зорлағаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Журналист Михаил Козачковтың мәлімдеуінше, Шымкенттегі Еңбекші аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Ерлан Жұмановқа қыз зорлады деген айып тағылды.


"Дипломмен ауылға" деп шақыртып алған": Қарағандыда 23 жастағы қызды зорлады деген күдікпен аудан әкімі қамалды


Атырауда зорлық-зомбылық жасады деп айып тағылған депутатты сот ақтап алды


Майордың үстінен арызды оның әріптесі жазған. Тергеу мәліметі бойынша екеуі бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Сондай-ақ қыздың жүкті екені айтылады.

Шымкент полиция департаменті Stan.kz тілшісіне жағдайды растады. Тергеу амалдарын Тұран ауданының полицейлері жүргізіп жатыр. Қылмыстық кодекстің 120-бабы “Зорлау” бойынша іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Алайда баспасөз қызметі күдіктінің қамауға алынған-алынбағаны туралы деректі айтқан жоқ.

Еске салсақ, Шымкентте полиция қызметкері тұтқын әйелді зорлағаны айтылды.

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 29 Маусым, 2025 19:37
Талқылау
`