Шымкенттегі әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлағандарға қатысты сот үкімі шықты
Шымкенттегі әскери бөлімнен қару ұрлау ісіне қатысты судья Абылай Балғынбаев шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.
Іске қатысы бар негізгі тұлға 10 жылға бас бостандығынан айыру, әскери атағынан айыру және айыппұл салу жазасына кесілді.
Оның сыбайластары Қамбар Шадияр мен Мәлік Бақдәулет колонияда 8 жыл, Бауыржан Дамиров, Багдаулет Арын, Орынбек Қанағат 3 жыл жазасын өтейтін болады. Олар жәбірленуші тарапқа 53 020 теңге төлейді.
Бекжан Сержанға 219 мың теңге айыппұл салынды, сонымен бірге ол 26 520-ны жәбірленушілер қорына төлейді.
Еске салайық, 19 ақпаннан 20-на қараған түні Абылай Балғынбай бөлімнен қару-жарақтың барлық арсеналын ұрлап кеткен. Оған бірнеше адам көмектесті. Балғынбай өз кінәсін мойындады. Іс бойынша сот процесі алты айдан астам уақытқа созылды.
Үкім заңды күшіне енбеген және оған шағым жасалуы мүмкін.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”