Шымкенттегі Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам елді мекені 195 орам көгілдір отынмен қамтылды
Шымкенттегі Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам елді мекеніне – 195 орамға газ берілді.
Салтанатты шараға бір топ халық қалаулылары: Берік Бекжанов, Берік Оспанов, Фахриддин Қаратаев пен Мұратәлі Қалмұратов сынды мәжілісмендер, БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.
Аталған орамда 800-ден астам үй қоныс тепкен. Нақты 4140 халық тұрады. Көгілдір отынға қол жеткізген халық енді көмір тасып, күл шығармайтын болдық деп, қуанып отыр.
“Көптен бергі арманымыз орындалды. Қыстың күні бүрсең қақпай, аяздарда тоңбайтын болдық”, – деді ақжаулықты аналар.
Естеріңізде болса, шаһар басшысының тапсырмасына сай, Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орамды газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған еді. Балтыр жалпы ұзындығы 19,9 шақырымды құрайтын ішкі газ жүйелері тартылып, жұмыстар 100 %-ға аяқталған. Құжаттары дайын болған тұрғындар газды үйді-үйлеріне кіргізіп алуда.