AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімдік "Нұрлы жер" бағдарламасын "7-20-25-пен" шатастырған: Қазақстанның орнықтылық қоры Шымкенттегі тұрғын үй дауына қатысты мәлімдеме жасады

Шымкент қаласы әкімдігі іске асырған тұрғын үйді конкурстық бөлуге қатысты "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"7-20-25" бағдарламасының операторы болып табылатын "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ ипотекалық бағдарлама шарттарында тұрғын үй салу және оны үлестіру бойынша қандай да бір конкурстар өткізу қарастырылмағанын хабарлайды.

Теріс ұғымдар мен түсініктер қалыптаспас үшін, Шымкент қаласында анықталған қателіктер "7-20-25" ипотекалық бағдарламасының шарттарына еш қатысы жоқтығын мәлімдейміз. Қателіктер жергілікті атқарушы орган жүзеге асырған тұрғын үйді бөлу механизмінде кеткен”, – деп атап өтті қор өкілдері.

7-20-25 бағдарламасына қатысу шарттары:

• Қазақстан Республикасының азаматтығы;

• Атында баспананың болмауы;

• Басқа ипотекалық тұрғын үй несиелерінің болмауы;

• Еңбек не кәсіпкерлік қызметтен түсетін ресми расталған табыс.

Ипотекалық несие шарттары: жылдық сыйақы мөлшерлеме – 7%, алғашқы жарна – үй құнының 20%-ынан бастап, мерзімі - 25 жылға дейін.

Шымкент қаласы әкімдігі басшыларының мәлімдемесінде, БАҚ хабарламаларында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы конкурстың орнына "7-20-25" ипотекасы деп қате көрсетілген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр