Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басқа көлікке алаңдаған": Шымкентте жүргізуші жас әйел мен оның ұлын қағып кетті

Шымкентте LADA Priora көлігінің жүргізушісі әйел мен оның баласын қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Рысқұлов-Ерімбетов көшелерінің қиылысында болған. Қазір 33 жастағы әйел мен оның 6 жасар ұлы стационарлық ем қабылдауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Соққының салдарынан әйел тізе буыны мен санынан жарақат алған. Жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Ал әйелдің 6 жасар ұлы табан буынынан жарақат алған, жағдайы орташа ауыр. 

Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша, автокөлік жүргізушісі сау болған, алайда басқа көлікке алаңдаған. 

Талқылау