Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жолаушыларды тасымалдаймын деп жүргізуші айыппұл арқалады

такси жүргізушісіне айыппұл салынды Фото: shutterstock.com

Шымкентте әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жолаушыларды рұқсатсыз тасымалдаған такси жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2025 жылғы мамыр айында Гидролизная көшесінде полиция қызметкерлері Nexia Ravon маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көлік тізгінінде ер адам отырған. Ол жолаушыларды ресми тіркелмеген такси ретінде тасымалдап жүргені анықталды.

Сот барысында жүргізуші шынымен жолаушыларды ақылы түрде тасымалдағанын және бұл қызметке қажетті лицензиясы болмағанын мойындады. Ер адам әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен келісіп, істі даулаған жоқ.

Сот оны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 463-бабы 1-бөлігі (арнайы рұқсатсыз қызметпен айналысу) бойынша кінәлі деп тауып, 829-11-баптың 2-бөлігін ескере отырып, 41 286 теңге көлемінде айыппұл салды. Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.


Петропавлда жолаушы такси жүргізушісін ескерту жасағаны үшін өлтіріп кеткен: Оқиға жұрттың ызасын тудырды


Такси жүргізушісі көлікте ұмытып кеткен телефонын қайтару үшін клиентін 9 күн бойы пәтерінің алдында күткен


Еске салайық, бұған дейін қазақстандық такси жүргізушісі жолаушы әйелмен арадағы әңгімені жазып алып, оны бопсалағанын жазған едік. Ер адам Алматыдан келе жатқан жолаушыларды Қарабұлақ ауылына жеткізбек болған. Жолда ол жолаушы әйелді әңгімеге тартқан. Басқа жолаушылар көліктен түсіп қалған соң олар бір-бірімен жақынырақ танысқан. Арада бірнеше күн өткен соң ер адам әйелдің WhatsApp нөміріне “50 мың теңге жібермесең, бейнетіркегіштегі жазбаны күйеуіне жіберемін” деп жазып жіберген.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 01 Шілде, 2025 22:28
Талқылау