Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жолаушылар көлік иесін өлтіріп, өртеп жіберген

Шымкентте жолаушылар көлік иесін өлтіріп, өртеп жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

полиция

2020 жылдың 18 қазанында сағат 11.00 шамасында Шымкент ПД Абай АІІБ кезекші бөліміне Түркістан көшесі бойында мемлекеттік белгісі жоқ ақ түсті Daewoo Nexia маркалы автокөлігі тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел тергеу тобы оқиға орнын тексеру барысында автокөліктің ішінен 2 дана ойыншық тапанша, 1 метр темір арматура, 2 дана автокөліктің мемлекеттік белгісі және 1 дана тізе тұсында қызыл түсті қан дақтары бар көк түсті ер адамның джинсы шалбары анықталған.

Сол күні аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен және 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

"Жедел іс шараларын жүргізу барысында аталған көлікке жолаушы болып отырған екі ер азамат, көлік иесіне пышақ жарақатын салып, "Ақ тас" елді мекенінде орналасқан қоқыс тастайтын жерге апарып, қылмыстық әрекетінің ізін жасыру мақсатында сол жерде мәйітті өртеп жібергені анықталды. Күдіктілер анықталып, ұсталды, олар - 1994 және 1998 жылы туған Түркістан облысының тұрғындары", - деп хабарлады Шымкент ПД баспасөз қызметінде.

Талқылау