Шымкентте жол апатынан кейінгі дау төбелеске ұласып, бір адам қаза тапты

20 қаңтар күні Шымкенттегі Ерімбетов пен Рысқұлов көшесінің қиылысында жол апаты болып, соңы жаппай төбелеске ұласты. Салдарынан 40 жастағы ер адам қаза тапты. Полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екі көліктің жүргізушісі бір-бірімен жанжалдасып жатқанда олардың жанынан тағы бір көлік тоқтап, одан шыққан адамдар да жанжалға араласқан. Төбелес кезінде бірнеше зардап шегіп, екі адам ауруханаға жеткізілді. Алайда олардың біреуі көз жұмды.
Полиция болған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады.
“Шымкент қаласы Полиция департаменті күдіктілерді анықтап, ұстау үшін барлық қажет шараларды қабылдап жатыр. Күдіктілерді ұстау үшін жедел-іздестіру іс-шараларына департаменттің барлық күштері мен құралдары жұмылдырылды”, – деп хабарлады полиция.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы