Шымкентте жоғары лауазымды полиция қызметкері пара алғаны үшін сотталды

Шымкентте пара алды деп айыпталған аудандық полиция басқармасының бастығына сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Істі Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады.
“Сотталушы Т. Шымкент қалалық полиция департаментінің Тұран ауданы бойынша полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған. Сол сәтте ол қызметтік өкілетін пайдаланып, аталған басқарманың өндірісінде болған қылмыстық іс бойынша азамат А.-ға қатысты істің саралануын жеңілдету үшін 6 миллион теңге көлемінде пара алған. Сотталушының кінәсі куәгерлердің көрсетурімен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесімен, сот сараптама қорытындысымен, заттай дәлелдемелермен толық дәлелденді”, – деп хабарлады сотта.
Астанада полицейлер конкурс жариялап, жол талғамайтын люкс көліктерге 176 миллион теңге бөлген
Түркістан облысында үш экс полицей 18 жастағы қызды зорлады деп айыпталды: Полиция істі тексереді
Прокурор соттан жоғары лауазымды полицейге 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте өмір бойына лауазым атқару құқығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал сотталушы өз кінәсін мойындамай, сотта жауап беруден бас тартып, өзін ақтауды сұрады.
Жаза тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жайлар жоқ екенін айтты. Ал ауырлататын мән-жай ретінде берген антын бұзу фактісінің бар екенін ескерді.
Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі (Пара алу) бойынша кінәлі деп тапты. Осылайша лауазымды қызметкер 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол Қылмыстық кодекстің 49-бабына (Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградалардан айыру) сәйкес арнайы атағынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Адвокат Шымкентте резонанс тудырған адам өлімі полицейлердің салғырттығынан болғанын айтқаны туралы жазған едік.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді