Түркістан облысында үш экс полицей 18 жастағы қызды зорлады деп айыпталды: Полиция істі тексереді

Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы бойынша жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Түркістан облысында қызмет атқарған үш полиция қызметкеріне қатысты ауыр қылмыс жөнінде ақпарат тарады. Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, полицейлер зорлау дерегі бойынша күдікке ілініп, қызметтен бірден босатылған.
Редакция бұған қатысты ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтен жауап алды.
"Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы негізінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір бұрынғы полиция қызметкерлерінің аталған оқиғаға ықтимал қатыстылығы толық көлемде тексеріліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында принципті құқықтық баға беріледі", – деп пікір білдірді Шыңғыс Әлекешев.
Министрліктің мәліметінше, жүргізілген қызметтік тексеруден соң аталған қызметкерлер ішкі істер органдарынан теріс себептермен, яғни қызметтік беделге нұқсан келтіргені үшін жұмыстан босатылды.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажет тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Тергеу барысы ішкі істер министрінің ерекше бақылауында", – деп түсіндірді министрлік өкілі.
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген
Алматылық зейнеткердің ForteBank депозитіндегі ақшасы екі рет ұрланған: Ол ақшасын 4 жылдан бері қайтара алмай жүр
74 жастағы зейнеткердің ForteBank-тің клиенті болғанына он жылдан асқан