Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жоғалып кеткен үш жасар қыз табылды

Бүлдіршінді іздеу жұмыстарына бес жүзден аса полицей мен қызметтік иттер жұмылдырылды, бала кешкі он шамасында аман-есен табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шымкентте полицейлер жоғалған үш жасар қызды тауып, ата-анасына қайтарды, деп хабарлайды қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі. 2 мамырда Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына 1999 жылғы жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, түскі бір шамасында 3 жасар қызы үйден шығып, белгісіз бағытта жоғалып кеткен.

Бүлдіршінді іздеу жұмысына полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. 

"500-ден астам тәртіп сақшысы аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған қыз туралы сұрастырды. Сондай-ақ қызметтік иттер тартылды", - делінген хабарламада. 

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде үш жасар қыз сағат 22:10-да "Отырар" шағын ауданынан бір шақырым жерден аман-есен табылды. Полиция баланы ата-анасына жеткізді. Жоғалған қыздың әке-шешесі шымкенттік полицейлерге ризашылығын білдірді.

 
Айбар Рысдаулет
Дүйсенбі, 03 Мамыр, 2021 12:00
Талқылау