Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 15 жастағы жасөспірімді төрт айдан бері іздеп жатыр

Шымкентте жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім төрт ай бойы іздестіріліп жатыр. Оның жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Лидер" қоғамдастығының еріктілерінің мәліметінше, 2015 жылы туған Ескендір Кисилев 2 тамызда Овражная көшесіндегі үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Жасөспірімнің белгілері: бойы - 170-175 сантиметр, дене бітімі жіңішке, сұр көзді, қара-қоңыр шашты. Артында сол жақта үлкен белгі, сонымен қатар аппендициттен қалған тыртық бар. Ол сұр футболка, қара трико және қоңыр шәркей киген.

Шымкент полиция департаменті 15 жасар баланың жоғалып кетуіне қатысты түсініктеме берді.

"Қазіргі уақытта Шымкент қаласының полиция департаментінің қызметкерлері хабар-ошарсыз жоғалған И.Кисилевті іздестіріп жатқанын хабарлаймыз, басқа ақпарат жариялауға жатпайды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда  8 777 679 18 24 немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 08 Желтоқсан, 2020 17:46
Талқылау