Шымкентте жылу тарифтері төмендетілді
Шымкентте 1 Гкал үшін тарифтің төмендеуі орта есеппен 210,84 теңгені немесе 4,6% - ды құрайтын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұдан бұрын, "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағының негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бұйрығымен "3-Энергоорталық" АҚ-ның тұтынушылары үшін жылу энергиясын өндіру қызметіне арналған тарифтер 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 4595,24 теңге/Гкал-ден 4384,4 теңге/Гкал-ға дейін төмендетілген болатын.
1 Гкал үшін тарифтің төмендеуі орта есеппен 210,84 теңгені немесе 4,6% - ды құрады.
"3-Энергоорталық" АҚ-ның тарифінің төмендеу себебі 2021 жылдың 1 қазанына дейін Департаментпен бекіткен тарифтердің мерзімінің өтуі.
Осы төмендеу негізінде, Департамент жылумен жабдықтау қызметтерінің соңғы тарифтерді төмендету деген бастама көтерді.
Осыған байланысты, "Қуатжылуорталық-3" МКК-ы Департаментке 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізе отырып, жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау қызметтеріне тарифтерді төмендету туралы бұйрығың ұсынды.
Департамент "Қуатжылуорталық-3" МКК-ның бұйрығын қарап, жүргізілген есептеулердің дұрыстығын тексеріп, жылумен жабдықтау қызметтеріне төмендетілген тарифтерді келісті.
Бұл төмендеу "3-Энергоорталық" АҚ-ның өндіретін жылу энергиясын алатын тұтынушылар үшін таралатынын атап өту қажет (қаланың ескі бөлігіндегі туратын тұтынушылар үшін).
Тұтынушылардың үнемдейтін сомасы 50 млн.теңгені құрайды.