AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жыл басынан бері 33 мыңнан астам науқас коронавирустан емделіп шықты

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов жыл басынан бері Шымкентте  33 мыңнан астам науқас коронавирустан емделіп шыққанын айтты. 

Позилов

“Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 68 жағдайы тіркелді. Қазір стационарда 406 науқас ем қабылдауда. Жыл басынан бері 33 191 науқас коронавирустан емделіп шықты. Эпид ахуал тұрақталғанмен, босаңсуға болмайды. Әлі де ауыр жағдайдағы науқастар ауруханаға түсіп жатыр. Инфекцияны алдын алудың бірден-бір жолы – вакцина. Сондықтан қала тұрғындарын екпе салдыруға шақырамын”, – деді  басқарма басшысы.

Спикердің сөзінше, қаладағы эпид жағдай жақсарғанымен, емхана жанынан құрылған мобильді бригадалар саны қысқартылмаған. Қазір қала бойынша 211 мобильді бригада тұрғындарға бастапқы медициналық көмек көрсетуде.

Айта кетейік, қаланың медициналық ұйымдарында COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр