Шымкентте жиырма жастағы бойжеткенді қылқындырып өлтірген
Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірінен қыздың өлі денесі табылды. Полиция хабарлағандай, қыздың мойнында қылқындыру іздері байқалған. Күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шымкенттің 18-ші шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен белгісіз қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама полицияға 19 қазанда келіп түсті.
"Тексеру барысында жәбірленушінің жеке басы анықталды. Бойжеткен, 2000 жылы Түркістан облысында туған. Мойын аймағын тексеру кезінде қылқындыру іздері табылды. Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің өлімі қылқынудан болғанын растады", - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.
Аталған факті бойынша сол күні адам өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан облысының 1997 жылы туған тұрғыны күдікке ілінді.
Қазіргі уақытта күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн