Шымкентте жиын өткізген феминистер күштеп қуылды
"Қазақстандық феминистік "Феминита" бастамасы" ҮЕҰ белсенділері Шымкентте мүдделестерімен кездесу өткізуді жоспарлаған еді. Алайда іс-шара өтіп жатқан жерге ондаған ер адам келіп, жиналысты тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиғаға қатысты видео желіде таралды.
"Шығыңыздар, шығыңыздар, Шымкенттен кетіңіздер", - дейді ер адамдардың бірі.
Оқиға орнында полиция қызметкері болды. Алдымен ол ұйымдастырушылармен сөйлескен, содан соң бір сәтте оларды ұстап алып, көлікке қарай сүйрей бастайды.
"Еркектер, көмектесіп жіберіңдер, кетсін!. Погонды жұлып алды!"–дейді видеода.
Қарсылықтарына қарамастан, әйелдер азаматтық көлікке отырды.
"Феминитаның" негізін қалаушылардың бірі Гүлзада Сержан мен Жанар Секербаева Шымкент қаласында оларға шабуыл жасалғаннан кейін ұсталды. Полицейлердің айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы - "Билік өкілін қорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Бұл туралы құқық қорғаушы Татьяна Чернобыль хабарлады. Жанар Секербаева онымен полиция бөлімшесінен байланысқа шықты.
Жанар "Феминита" Шымкентке ЛБТК-әйелдердің құқықтарына арналған кездесу өткізу үшін келгенін айтты. Алайда ұйымдастырушылар мен қатысушыларды (шамамен 20 адам) коворкинг орталыққа жіберілмеді. Онда іс-шара өтуі тиіс болған, орын туралы келісіп, оған жарты төлемін де жасап қойған.
Секербаеваның айтуынша, ол жерде полиция, сондай-ақ, құқық қорғау органдарынан агрессивті адамдар болған.
Гулзада мен Жанарға ауызша және физикалық шабуыл жасала бастады. Жанар Секербаеваның бетінен жұдырықпен ұрған.
Нәтижесінде белсенділерді Абай ауданының полиция басқармасына алып кетті. Телефон арқылы Жанар қарсылық көрсетіп, полицейлердің бірінің погонын кездейсоқ жұлып алуы мүмкін екенін айтты.
Қазір Жанар мен Гүлзада полиция учаскесінде, олардың телефондарын тартып алған. Ғимараттың жанында агрессивті адамдар жиналып, белсенділерге өтінішінің тіркелуін күтуде.
Құқық қорғаушы Татьяна Чернобиль тергеуші оған хабарласқанын айтты.Айтуынша, учаскелік полиция қызметкерінің сөзінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы "Билік өкіліне тіл тигізу" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Осы бап бойынша жаза 80 АЕК-ке дейін (233 360 теңге) айыппұл, не түзеу немесе қоғамдық жұмыстар, не 20 тәулікке дейін қамауға алу. Белсенділердің қайсысын қатысты қылмыстық іс қозғағаны белгісіз.
Адвокатты белсенділер үшін Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюросының Шымкент қаласындағы филиалында ұсынды.
Шымкент қаласының полиция департаментіне оқиғаға қатысты түсініктеме әлі берген жоқ.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
