"Етегінің астына қол жүгірткен": Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қызды азғындаған
Фото: Freepik.com
Шымкентте бұрын сотталған ер адам баланы азғындады деп тағы ұсталды. Алғашында судья оны қамауға алудан бас тартқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірінде болған. Іс материалдарына сәйкес, ұрлық жасағаны үшін қоныс колониясында жазасын өтеп жатқан ер адам мектептен қайтып келе жатқан қызды байқаған. Оның соңынан еріп, көмектесемін деген сылтаумен кіреберіске кіріп, әдепсіз әрекеттер жасаған. Оның әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
"Ол қоныс колониясынан қайтқан соң, Шымкенттің 11-шағын ауданына Уәлиханов көшесінің бойымен түсіп, сабақтан кейін келе жатқан 2-сынып оқушысын көрген. Ер адам 8 жасар қыздың соңынан ілесіп, онымен бірге подъезге кірген. Қызға өтірік етегінің астынан жібі шығып тұрғанын айтып, оны алып тастауға көмектесетінін айтқан. Сөйтіп етегінің астына қол жүгіртіпті.. Алайда зорлық-зомбылық болған жоқ", – деді адвокат Талғат Есімов.
Оның айтуынша, сот отырысында күдікті өз кінәсін мойындады. Десе де, жақын арада бостандыққа шығатындықтан, қамауға алмауды сұраған. Прокуратура дереу қамауға алуды талап етті.
"Тергеу соты оны қамауға алудан бас тартып, оған 21 мамырда бостандыққа шығуға мүмкіндік берді. Біз бұл туралы прокуратура арқылы шағымдандық. Қалалық апелляциялық алқа прокурордың бұл жеке өтінішін жан-жақты және объективті қарады", – деді адвокат.
Апелляциялық сот тергеу сотының бұрынғы қаулысының күшін жойып, күдіктіні 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды.
"Барлық нақты тергеу әрекетінен кейін бұл іс жалпы тәртіпте сотқа жіберіледі. Енді оның тағдырын сот шешеді, бұл бап бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деп қосты Есімов.
Еске салсақ, Шымкентте полиция қызметкері тұтқын әйелді зорлағаны айтылды.

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
