Шымкентте жаяу жүргіншілер жолағы жаңарды
Шымкент қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Т.Рысқұлов (Байтұрсынов көшесінен Әл-Фараби көшесіне дейін), Желтоқсан (Қонаев даңғылынан Темірлан тас жолына дейін), Тауке хан (Сайрам көшесінен Д.Қонаев даңғылына дейін) және тағы басқа да қала көшелеріне жол таңбалары сызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов аталған жұмыстардың барысын тексеріп, кемшіліктер бойынша сала мамандарына тапсырма жүктеді.
Тамыз айынан жаңа оқу жылы басталғанға дейін 100-ден аса мектептің жаяу жүргіншілер жолағы жаңыртылды.
Қала бойынша жалпы асфальт жолдың ұзындығы 2029,2 шақырымды құрайды. Жыл басынан бері сол жолға 215 шақырым жол таңбалары сызылды. Оның 150 шақырымы термопластиктен, ал қалған 65 шақырымы акрильді бояудан сызылды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн