AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте "Жастар практикасы" арқылы екі мыңнан астам жас тәжірибе жинады

Шымкент қаласында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Жастар практикасы" бағыты бойынша жұмысқа орналасқандардың бірі – Жанерке Қуандық. Ол былтыр Шымкент көпсалалы колледжінде медбике мамандығы бойынша білім алған.

жас дәрігер

Жас маман оқу бітірген соң жұмыссыз мәртебесін алып, биыл мамыр айында халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы № 1 қалалық Клиникалық ауруханасына уақытша жұмысқа жолданды.

“Жастар практикасы бағдарламасы арқылы уақытша болса да жұмыс таптым. Қазіргі таңда ауруханада жансақтау бөлімінде көмекші ретінде біліктілігімді арттырып келемін. Жастарды осы бағдарламаға қатысуға шақырамын”, – дейді 21 жасар қала тұрғыны.

Жалпы, "Жастар практикасы" уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Жас мамандар үшін тәжірибе жинақтап, жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік.

Аталған бағдарламаға 29 жастан аспаған "жұмыссыз" мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2019,2020,2021ж) жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері қатыса алады. Жалақысы 25 АЕК (72 925 тг) құрайды. Бұл бағдарламаға тек бір рет қатысуға болады.

Шымкентте жыл соңына дейін "Жастар практикасымен" 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, жыл басынан бері 2176 шымкенттік жастар аталған бағдарламамен түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр