AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жастар арасындағы нашақорлық пен маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу жөнінде студенттермен кездесу өтті

Аталған жиынға Шымкент қаласы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Манабаева Балжан қатысты. 

"Нашақорлық – ғасыр індетіне айналған, өткір де өзекті мәселе. Ол тек медициналық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік тұрғыдан да көкейтесті дертке айналып отыр. Себебі, есірткіге тәуелді он адамның тоғызының іс жүзінде жазылып кетуі екі талай. Оны пайдаланушылардың басым бөлігі 18-30 жас аралығындағы жастарды құрайды. Өкінішке орай, соңғы уақытта есірткіге тәуелділердің қатарында балалар мен жасөспірімдер де кездесуде.

Осы тұрғыда біз, полиция қызметкерлері және жастар жөніндегі құзырлы орган өкілдері есірткі қылмысының, атап айтқанда, оны пайдалану, сату, жарнамалау жұмыстарының алдын алып және оны болдырмау мақсатында үздіксіз профилактикалық іс-шараларды өткізіп отырамыз", –  дейді ол.

Айта кетейік, жиынға сондай-ақ Шымкент қаласы әкімшілігі мен денсаулық саласының мамандары және спорт шеберлері қатысты.

Сөз соңында, жастар арнайы мамандарға өз сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр