AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жастар арасында "Тәуелсіздік бабалар аманаты" айтысы өтті

2021 жылғы 6 қазан күні Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік бабалар аманаты" атты жас ақындар арасындағы республикалық "Күміс домбыра" айтысы өтті. 

Аталмыш айтыстың мақсаты: Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында жеткен жетістіктерін насихаттау, жас ақындардың ішкі мүмкіндіктерін ашып, шабыттарына қанат бітіру. Рухани күштің маңызды бөлшегі болып есептелетін төл өнеріміз айтыстың жас буындар арасында, жаңа есімдермен толығуына үлес қосып, дарынды жастарды қолдау. Ақындардың шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Аталмыш айтысқа Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Жұмабекұлы, зиялы қауым өкілдері, маслихат депутаттары, белгілі айтыскер ақындар, белсенді жастар, волонтерлер және БАҚ өкілдері қатысты. 

Ата кетсек ережеге сәйкес аталмыш айтысқа республиканың 14 пен 29 жасқа дейінгі 30 айтыскер ақын қатысуға ниет білдіріп, іріктеу нәтижесі бойынша 16 ақын додада бақтарын сынады. 

Ал ақындарға өз бағасын беріп, қазылық ететін әділ-қазы алқасы белгілі айтыскер ақындар мен елімізге танымал қоғам белсенділері. 

Дүбірлі доданың бірінші кезеңінде (түске дейін) 16 ақын бір-бірімен жұптасып 8 жұп 20-25 минут көлемінде айтысты. Қазылар алқасының шешімімен финалдық келесі кезеңіне 8 немесе 6 ақын жолдама алды. Ал финалдық кезеңде (түстен кейін) жалпы 4 немесе 3 жұп 15 минут көлемінде айтысып, жеңімпаз анықталды. 

Айтыс нәтижесі бойынша 16 ақынның ішінен оза шапқан жеңімпаз........ бас жүлде "КҮМІС ДОМБЫРА" иегері күмістен жасалған домбыраға және бағалы сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар, І, ІІ, ІІІ орын мен  "Майлықожа Сұлтанқожаұлы" және "Әселхан Қалыбекова" атындағы 2 арнайы жүлде иегерлерін анықтады. Барлық жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар табысталды. 

"Күміс домбыра" айтысына қатысатын ақындардың аты-жөні:    

1    Дәурен Ысқақ          Нұр-Сұлтан қаласы
2    Айым Асылбекқызы       Нұр-Сұлтан қаласы
3    Бекжан Базарбек        Алматы қаласы
4    Нұрғали Әнапия       Шымкент қаласы
5    Нұртілеу Төленбек    Шымкент қаласы
6    Абылай Құлтай      Шымкент қаласы
7    Нұрмахан Жақыпбек  Ақмола облысы
8    Айшолпан Төлеутай      Шығыс Қазақстан облысы
9    Дидар Апбасов       Жамбыл облысы
10    Абзал Жұмабек       Солтүстік Қазақстан облысы
11    Бексұлтан Орынбасаров       Қызылорда облысы
12    Шынарбек Тұрсын       Ақтөбе облысы
13    Райымбек Отепов      Батыс Қазақстан облысы
14    Аян Ниязбек           Түркістан облысы
15    Мейіржан Жақып      Түркістан облысы
16    Сұлтан Сәуірхан      Түркістан облысы

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр