Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте және 8 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

28 қарашада Шымкентте және Қазақстанның сегіз облысында қатты желдің салдарынан ауа райына байланысты ескерту жарияланды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Түнде Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Көкшетауда түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді.

28-30 қарашада Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. 28-і тәулік бойы және 29 қараша түнде облыстың шығысында және таулы аудандарда солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метрге дейін  жел соғады, екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыс және оңтүстіктен соққан жел күндіз облыстың батысы мен солтүстік-батысында секундына 15-20 метрге жетеді. Оралда күндіз көктайғақ болады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында боран болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында түнде оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел жылдамдығы түнде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде және таңертең тұман сақталады. Таулы аймақтарда шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Шымкентте 28 қарашада түнде және таңертең тұман сақталады.

Талқылау