Шымкентте жалған купюра мен есірткі сатпақ болған екі адам ұсталды
Шымкенттің екі тұрғыны жалған купюралар мен есірткі заттарын сатуға тырысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы мониторингі агенттігі есірткі сатпақ болған адамдарды анықтады. Яғни агенттіктің қызметкерлері қара-жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алатын адам боп тергеу жүргізген. Сарапшылар бұл 5 кг гашиш есірткі заты екенін растады.
Аталған азамат жалған 10 000 АҚШ долларын (100 дана номинал) сату барысында ұсталды.
“Жедел іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталды, одан 13 100 жалған АҚШ доллары тәркіленді. Ал тұрғылықты жерін тінту барысында шамамен 1 кг гашиш табылды”, – делінген ведомоствосында.
Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылды, оларға 11 жыл және 5,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"