Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жағымсыз иістің пайда болуы: Қазгидромет себебін анықтады

Шымкент тұрғындары қаланың жекелеген аудандарында жағымсыз иіске шағымданды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" РМК аймақтық филиалы тексеру жүргізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау Шымкент қаласында 6 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 4 қолмен сынама алу бекеті және 2 автоматты бекет. 11 көрсеткіш: қалқыма бөлшектер (шаң), РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді, көміртегі оксиді, аммиак, формальдегид, күкіртсутек, озон анықталады", - деп хабарлайды Қазгидромет.

Шекті рұқсат етілетін нормалардың (ШРШ) асуы екі бекетте байқалды.

  1. Самал-3 шағын ауданындағы №5 ПМЗ бекеті - 2 ШРШ-ға дейін (2020 жылғы 7 және 11 тамыз) 10 асып кету жағдайы, РМ-10 қалқыма бөлшектері бойынша - 1,5 ШРШ-ға дейін (2020 жылғы 7 және 11 тамыз) 5 асып кету жағдайы;
  2. Нұрсат шағын ауданындағы №6 ПМЗ бекетінде - азот диоксиді бойынша 1,6 ШРШ (2020 жылғы 9 тамыз) 1 асып кету жағдайы, аммиак бойынша - 6,0 ШРШ (2020 жылғы 7 тамыз) 1 асып кету жағдайы.

"Қалған заттар бойынша асып кету тіркелген жоқ. Жалпы қала бойынша жоғары (10 ШРШ-дан көп) және экстремалды жоғары ластану (50 ШРШ-дан көп) жағдайлары тіркелген жоқ", - деді Қазгидрометте.

ШРШ асып кетуін тіркеу жағдайларының жиілеуіне байланысты, "Қазгидромет" РМК Түркістан облысы бойынша аймақтық филиалы бұл күндері қаланың жекелеген аудандарында атмосфералық ауаның жоспардан тыс өлшеулерін жүргізуде.

Жоспардан тыс өлшеулердің нәтижелері қосымша жарияланатын болады.

Талқылау