Шымкентте ҰҚК қызметкерлері "Азаматтарға арналған үкімет" филиалына басып кірді (видео)
Шымкентте ҰҚК қызметкерлері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалында тінту жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото бейнежазбадан алынған
Әлеуметтік желіде тінту барысы түсірілген бейнежазба пайда болды.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент қызметкерлері мемлекеттік корпорацияның Шымкент қаласындағы филиалында тінту жүргізген.
"Тінту кезінде жер телімдерінің шекарасын заңсыз жылжыту фактісі бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында бірқатар жер-кадастрлық құжаттар тәркіленді. Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін жоғарыда аталған шаралар бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті біздің корпорацияға ешқандай түсініктеме берген жоқ", – делінген хабарламада.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”