AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте үй сұраған көп балалы аналар әкімдіктің алдында түнеді

Шымкентте уақытша баспана сұраған көп балалы аналар әкімдік алдына түнеп шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

Топтасқандардың айтуынша, олар мұнда сәрсенбінің таңынан бері жүр. Талаптары - шаһар басшысымен жолығу. Араларында аяғы ауыр келіншек, тіпті төрт айлық баласын қолына ұстағаны да бар. Пәтерден пәтерге көшіп шаршадық деген олар баспана кезегі жеткенше уақытша паналайтын орын тауып беруді сұрайды.

"Менің кезегім жақындап тұр. Бірақ пәтер дайын емес. Қазір 20 шаршы метр жерде сегіз адам тұрып жатырмын. Бізді бес алты баламен ешкім пәтерге алғысы келмейді, балаң көп деп. Сондықтан уақытша баспана берсінші. Әкімдіктің балансында бос пәтерлер барын білеміз ғой", - дейді көп балалы ана Раушан Жанарова. 



"Не істеп жүрсіңдер, талаптарын не деп сұрап жатқан ешкім жоқ. Ешкім тыңдамағасын тұрмыз міне. Мен өз басым балалар үйінің тәрбиеленушісімін. 1998 жылдан бері әлі баспана алмағанмын. Бес балам бар. 2006 жылы бірінші рет үй кезегіне тұрғанда журналға қолмен жазатын. Оны жоқ қылды. 2014 жылы қайтадан тұрдым кезекке. Бірақ әлі бұйыратын түрі жоқ", - дейді көп балалы ана Гүлзада Дутбаева. 

Көпбалалы аналардың талабын тыңдаған жауапты сала өкілдері, шаһарда баспана кезегіне тұрушылардың артқанын алға тартты. Тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары көпбалалы аналарға жуырда106 пәтер берілгенін айтты. Жыл соңына дейін жалпы 444 пәтер тапсырылмақ екен. Ал уақытша баспана беру деген заңда жоқ деді.

"Тұрғын үй қатынастары заңы бойынша уақытша баспана көзделмеген. Оны біз бере алмаймыз, тек кезек ретімен ғана тұрғын үй мәселесі шешіледі. Қазіргі таңда әлеуметтік әлсіз топ жағынан 2012 жылдың май айынан тұрған азаматтарды енді қамтып жатырмыз", - деп түсіндірді Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр