Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте үстел теннисі орталығы салынып жатыр

Шымкентте үстел теннисі орталығының құрылысы басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Спорттық нысан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион аумағында орналасады.

Мамандандырылған залда 12 үстел болады және тек аймақта ғана емес, республика көлеміндегі теннисшілер  жарыстарға дайындалып, оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, турнирлер ұйымдастыра алады.

Нысанның аяқталу мерзімі - 2021 жылдың желтоқсан айы.

Биыл шымкенттіктер ел чемпионатынан (Қарағанды), жастар спорттық ойындарынан (Қарағанды) және басқа да турнирлерден барлық медальдарды алып келді. 

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 07 Қыркүйек, 2021 16:07
Талқылау