Шымкентте үш күннен бері 18 жастағы бойжеткен табылмай жатыр
Полицейлер жоғалған 18 жастағы Шымкент тұрғынын іздестіріп жатыр. 5 тамызда Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жоғалған қыз туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2004 жылы туған Аида Әбілданың ағасының айтуынша, ол 4 тамыз күні сағат 16:30 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.
Қыздың жүрген жерін анықтау үшін Шымкент қалалық ПД-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
Аида — Долана-Бұлақ колледжінің 1-курс студенті.
Бойы 160-165 см, орта денелі, шашы қара, көздері қысыңқы келген, мойын аймағында ісігі бар (ЗОБ).
Қызды іздеу ДП басшылығының ерекше бақылауында.
Жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуына болады.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді