Шымкентте түнгі уақытта жолда жарапазан айтқан балалар ұсталды
Шымкентте полиция түнде көлік жолында жарапазан айтып жүрген балаларды ұстады. Құзырлы органның мәліметінше, балалар ақша алу мақсатында қауіпті уақытта жолдар мен пәтерлерге барады екен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Рамазан айы басталғалы түнде Шымкенттің жолдарында балалар мен жасөспірімдер жиі шыға бастаған.
Олар жандарында үлкендердің жоқтығынан да, көліктер легінен де қорықпайды. Дәстүр бойынша жыл сайын кешкі уақытта мұсылмандардың ауызашарынан кейін балалар жарапазан айтады. Олар сол үшін көпқабатты үйлердегі пәтерлерді аралап, барлық есіктерді қағып, немесе көліктерді жолдан ұстайды. Балалар бұл үшін ақшалай немесе тәттілермен марапатталады.
Алайда қауіпті болғандықтан полицейлер түнгі рейдтерге жиі шығуда. Соңғы екі күнде ғана көшеден 140 жасөспірім табылып, оның 9-ы бейімдеу орталығына жіберілген. Қалғандардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, біреуге әкімшілік хаттама толтырылып, екі рет заң бұзғандарға айыппұл салынды.
Олардың біреуі саябақта түнде қараңғыда серуендеп жүрген, біреу ойын-сауық орындарында болған.
Тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларын қараңғыда далаға шығармауға шақырады.
Мұндай шаралар балалар үшін барынша қауіпсіз ортаны құруға және күтпеген жағдайларды болдырмауға бағытталған. Егер бұл шарт орындалмаса ата-аналардың өздері балалары үшін міндетті түрде жауапқа тартылады.