Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте тойхана мектепке айналды. Элиталы мектепте кім оқиды?

Шымкенте тойханалар, оқушыларға сабақ оқытатын мектепке айналып жатыр. Карантин басталғалы табыстан қағылған тойхана иелерінің алды, салтанат сарайын кәдеге асыруға шешім қабылдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп. 

Шымкенттің жаңа әкімшілік іскерлік орталығындағы зәулім салтанат сарайы, енді жекеменшік мектеп болды. Кең бөлмелері, ықшамдалып, сыныпқа ыңғайластырылған. Парталар да  қойылған. Әзірге мұнда мұғалімдер ғана жүр. Олар онлайн дәріс дайындауда. Ғимарат қожайыны қала әкімдігіне өзі ұсыныс жасапты.

"Шілде айының аяғында тастадық. Содан кейін әкімнің қаулысы шықты. Негізгі мақсатын, бәрін ауыстырдық. СЭСтен бәрінен комиссиялар келді, лицензияларын алдық. Қазірге енді сиымдылығына қарай қабылдап жатырмыз. Түбегейлі мектеп болады. Әзірге балалар ақысыз оқиды", - дейді жеке кәсіпкер, ғимарат иесі Есбол Қамбаров.

Кәсіпкер бұл қадамға сауап үшін де барып отырғанын қосты. Бизнесмен карантин басталғалы айына 15-20 млн теңгедей табысынан қағылғанын айтты.  


Оқушылар 7 қыркүйектен бастап мектептен оқиды: Ақпаратқа білім министрлігі жауап берді 


"Негізінен дежурный класты мен ОЖСВ тапсыратын 11 кластар мен 9 –сыныптарға қойсам ба деп отырмын. Жаңағы температура өлшенетін, септик бәрін алып қойдық. Зәулім ғимарат № 80 мектепке берілді. Ондағы бала саны 4,5 мыңның шамасында. Тоқсан мұғалім оқушыларымен бірге ауысып келген. Келешекте екі ауысымда 2400 бала оқиды деген жоспар бар", - дейді Айшагүл Шайхина, әл-Фараби академиялық мектебінің директоры.

Бұрынғы тойхананың 860 адам сияды. Құрылтайшының айтуынша, биіктігі 9 метр болатын үлкен зал қос қабатқа бөлінбек, сөйтіп сынып бөлмелеріне айналдырылады. Әдемі ғимаратта бала оқыту ата-аналарға да ұнап қалған.

"11-класс оқиды осы жерде қызым. Енді арғы жақта № 80 мектепте бала өте көп. Қашаннан бері көп болып жүрген. Осы жақа келген өте дұрыс болды", - дейді ата-ананың бірі Эльмира Намазова.

Жергілікті атқамінерлер кәсіпкердің бұл ұсынысын қос қолдап қолдаған. Шымкентте әлі күнге 19 мектеп үш ауысымда бала оқытып отыр.

"Мемлекеттік мектептер бала оқытса да 27 мың теңге мен 32 мыңның арасында қаржыландырамыз, жекеменшік мектептер балаларды оқытса да сондай деңгейде қаржыландырамыз. Ал жеке меншік мектептің бізге қолайлысы не? Себебі жеке меншік өзі кәсіпкер өзі ғимаратын салады, парталарын алады. компьютер басқа да жабдықтармен қамтамасыз етеді", - дейді Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте оқушылардың бірі бұрынғы моншада, ал енді бірі тойхана ғимаратында дәріс алатыны хабарланған.

 

STAN.KZ
Сенбі, 05 Қыркүйек, 2020 13:23
Талқылау