Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте тоғыз жасар бала тоққа түсіп қалды

Бүгін Шымкентте 9 жасар бала электр тоғынан зардап шекті. Оқиға қаладағы Еңбекші ауданы Ерімбетов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, үйдің подъезіндегі жертөледе бала электр қалқанын ашып жіберген. Сөйтіп басынан электр жарақатын алған. Оқиға орнында  бала есінен танып қалды.

Дәрігерлер науқасқа "бас терісінің күйігі, 3 дәрежелі электр жарақаты"деген диагноз қойып отыр. Бала қазір қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұған дейін, Алматы облысындағы Ерменсай ықшам ауданында да кішкентай баланы тоқ соққанын хабарладық. Ол бала үйден көшеге шығып, жақын жерде қойларды көреді. Олардың бірі электр беру бағанының жанында қозғалыссыз жатқан, бала оған не болғанын көруге келеді. Қойды ұстаған кезде, баланың қолын тоқ соққан.

Гүлдана Қазтай
Сенбі, 06 Тамыз, 2022 16:45
Талқылау