Шымкентте тегін кілем алғысы келген тұрғындар жалжал шығарды
Шымкент тұрғындары кілем үшін жаға жыртысты. Кілемдерді тегін тарату акциясын ұйымдастырған қала дүкендерінің бірі жүздеген адамдардың қысымында қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеп.
Қала тұрғындары мен аймақ тұрғындары дүкенге келгендердің әрқайсысына бір кілем тегін берілетіні туралы жарнаманы көріп мекен-жайға келген. Акция бойынша барлығы 500 кілем беру жоспарланған екен.
Алайда, кілемді тегін алғысы келетіндердің қарасы мұндай көп болатынын ешкім күтпеген.
"Біз көп адам келетінін білмедік, осылай болады деп күткен жоқпыз. Біз кілемдер таратуды жоспарладық, бірақ барлық санитарлық нормалар сақталмады", - деп түсіндірді дүкен өкілдері акцияны тоқтатқан кезде.
Бұл жерді полиция қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері қоршап алды. Көпшіліктің кесірінен кілем дүкені ғана емес, жақын маңдағы дүкендер де жабылды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”