Шымкентте талантты оқушыларды анықтайтын республикалық байқау өтті
Бүгін Шымкент қаласы "Дарын" орталығының ұйымдастыруымен "Менің кіші Отаным" атты IV республикалық интеллектуалдық байқауының қалалық кезеңі әл-Фараби академиялық мектебі базасында офлайн форматта өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Байқаудың мақсаты туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамыту. Олардың бойында патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, сонымен бірге тарих және өлкетану бойынша білімін арттыру.
Оқушылардың арасында өткен байқаудың қалалық кезеңіне 75 мектептен 237 оқушы қатысты. Байқау қазақ және орыс тілдерінде, Қазақстан тарихы пәнінен тест түрінде өткізіліп, ZOOM платформасы арқылы бейнебақылаумен бақыланды және мектеп әкімшіліктеріне тікелей эфирде олимпиада барысын қашықтықтан бақылауға мүмкіндік жасалынды.
Байқаудың қорытындысы бойынша оқушылардың жұмыстары шифрланып, www.daryn-shymkent.kz веб-сайтына жүктелді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн