Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте тағы бір отбасы коронавирус жұқтырып алған

Шымкентте тағы бір отбасы мүшелері коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

«Қалада 5 сәуір күні анықталған 5 адам — бір отбасының мүшесі. Олар: әкесі, анасы, ағасы, әйелі, баласы болып табылады. Сол азаматтардан алынған сынама инфекцияға оң нәтиже көрсетті. Бұл науқастар бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласынан келген 24 жасар науқаспен байланыста болғаны анықталып отыр. Қазіргі таңда барлық індет жұқтырғандар оқшауланып, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды», - делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 670-ке жетіп отыр. 


 

STAN.KZ
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2020 10:56
Талқылау