Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте спорттық садақтың жебесінен бала жарақат алған

Фото: egovpress

Шымкентте Орталық стадионда спорттық жебеден жарақат алған бала оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жебеден ату секциясының жаттығуы кезінде жебе бағытынан ауытқып кеткен. Сөйтіп секция аумағынан шығып кетіп, стадион маңынан өтіп бара жатқан баланы жарақаттаған.

"Орталық стадион аумағындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жебеден ату секциясында жаттығу өтіп жатқан кезде, жебе траекториядан ауытқып, секция шекарасынан шығып кеткен. Соның салдарынан стадион жанынан өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған балаға тиген", – деп мәлімдеді Шымкент полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бағлан Исатаева.

Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ екенін айтты. Полиция бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.


"Омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған


Қазақстандық турист Шарм-эль-Шейх әуежайында көз жұмды: Әйелге жарнама тақтасы құлап кеткен


Еске салайық, бұған дейін Атырауда оқушы қыз мектеп аумағындағы жаттығу құрылғысынан жарақат алып, саусағынан айырылды. Бала қолымен жаттығу құрылғысын пайдаланған кезде металл бөлшек саусақтарын қысып қалып, нәтижесінде саусағының сүйек бөлігі (фалангасы) ампутацияланған. Ал екінші қолындағы аты жоқ саусағы сынған.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 26 Мамыр, 2025 10:29
Талқылау