Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте соңғы тәулікте 38 адам індет жұқтырды

Шымкент қаласында соңғы тәулікте 38 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Шымкентте өткен тәулікте арнайы топ өкілдері 277  кәсіпкерлік нысанға тексеру жүргізіп, 3 нысанда карантин талаптарының бұзылғанын анықтаған. Тәртіп бұзған нысандарға әкімшілік хаттамалары толтырылды. 

Соңғы тәулікте қалада адамнан 38 коронавирус анықталған. Қазір 25 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 13 адам үй бақылауына алынды. 

Қала әкімдігі тұрғындардан қоғамдық орындарда медициналық маска тағуды  және карантин талабын орындауға шақырады. 

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 27 Қазан, 2021 16:45
Талқылау